25 сәуір Дүниежүзілік безгектен күрес күні атап өтіледі
- Жарияланды 25.04.2022 15:47
- Қаралды: 419
Қазақстанда соңғы 3 жыл ішінде негізінен алыс шет елдерден безгектің бірен - саран жағдайлары тіркелуде.
Қалада безгектің соңғы тіркелген жағдайы 2017 жылы Үндістаннан жұмыс істеуге келген науқаста"орташа ауырлықтағы үш күндік безгек".
Безгек-бұл паразиттік, трансмиссивті (қан арқылы жұғатын) ауру, плазмодиум (Plasmodium) жұқтырған анофелес тұқымының масаларының шағуы арқылы өтеді. Ауру қызба және басқа жа жергілікті симптомдарымен көрінеді. Оның барысы прогрессивті, созылмалы, жиі қайталанумен жүреді.
Инфекцияның берілуі екі жолмен жүруі мүмкін: Anopheles тұқымының масасының шағуы арқылы немесе тікелей адамнан адамға. Безгектің қоздырғышын алып жүретін масалар біздің еліміздің батпақты және орманды аймақтарында мекендейтін масалардан ерекшеленеді. Олар негізінен ыстық елдерде, көбінесе африкалық елдерде кездеседі. Адамнан адамға берілу жолы әлдеқайда аз.
Безгек жиі кездесетін аймаққа баруды жоспарлаған адамдарға ұсыныстар:
1. Тропикке барар алдында, қажет болса, дәрігер химиопрофилактиканы тағайындайды.
2. Өзіңізді масалардың шағуынан қорғау керек. Жәндіктерден қорғану үшін москиттерді қайтаратын репелленттер мен москиттерді жоюға арналған препараттар ұсынылады.