ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жолдады
- Жарияланды 01.07.2021 15:48
- Қаралды: 477
Қазақстанда 30 маусым мен 2 шілде аралығында қатты ыстық күтіледі. Ыстықтың жағымсыз салдарын болдырмау үшін ТЖМ азаматтарды ерекше қажеттіліксіз сыртқа шықпауға шақырады, сондай-ақ:
- Көп су -күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішуге;
- Жылу шыңында физикалық белсенділікті барынша азайтуға;
- Күндіз күн сәулесі мен қыздырылған ауа бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабық ұстауға;
- Ашық түстес ауа өткізбейтін киім (мақтадан жасалған) және бас киім киюге;
- Дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға.