Назар аударыңыз! Хабарландыру!
- Жарияланды 21.01.2021 11:43
- Қаралды: 510
Құрметті тұрғындар!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№7 қалалық емхана" ШЖҚ МКК әкімшілігі, Сіздерден ЖРВИ (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, жөтел, қалтырау, бұлшықеттердің сырқырауы, иіс пен дәмнің жоғалуы, ентігу) белгілері пайда болған жағдайда үй жағдайында өзін-өзі емдемеуді сұрайды.
Жоғарыда аталған белгілер пайда болған кезде:
1) фильтр кабинетіне- ересектер ғимаратының 115 кабинетіне жүгіну (бүйіржағынан кіресіз);
2) учаскелік дәрігерге немесе мейірбикеге хабарлау қажет;
3) Егер Сіз емханаға жете алмаған жағдайда және учаскелік дәрігерге хабарласа алмаған жағдайда, 79-36-21 нөмірі бойынша тіркеу бөлімі арқылы қоңырау шалып, үйге шақыруды рәсімдей аласыз;
4) жағдайыныңыз күрт нашарлаған кезде 103-ке қоңырау шалыңыз.