Назар аударыңыз! Хабарландыру!
- Жарияланды 08.09.2020 13:01
- Қаралды: 578
Құрметті пациенттер! ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКҚ әкімшілігі Сіздерді тұмаудан егу өткізілетіні туралы хабарлайды. Емханаға тіркелген төмендегі тұрғындар тегін егіле алады:
- созылмалы өкпе аурулары, жүрек және қан аурулары, онкологиялық аурулары, қант диабеті, бүйрек аурулары бар балалар және ересектер, әлсіз және жиі ауыратын пациенттер;
- жүкті әйелдер;
- зейнеткерлер;
- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.
Егу мына мекен жайы бойынша жүргізіледі: Ш.Құдайбердіұлы 29, 314 каб.(ересектерге). 9:00 ден 17:00 дейін.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 25, 102 және 106 каб.(балаларға) 9:00 ден 17:00 дейін.
Алдын ала учаскелік дәрігердің тексеруінен өту керек.