Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні!
- Жарияланды 04.06.2020 14:30
- Қаралды: 652
Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!
1992 жылдың 4-маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Заңға қол қойды.
Содан бері бұл күн біз үшін ең басты мейрамдардың бірі болып табылады. Мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихи өткен шағын бейнелейді. Олар бүгінгі күні біздің қандай мақсатқа ұмтылатынымызды айқындайды. Мемлекеттік рәміздер арқылы қазақстандық қоғамның әлемдегі бейнесі құрылады.
Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, рухани тыныштық және бейбітшілік, еңбекте жетістік, ырыс-береке, Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін тұрақтылық пен өркендеу тілейміз.