Туберкулездің алдын алу бойынша 4 сынып оқушыларына арналған іс-шара өтті

12.03.2020 ж №44 мектептің 4 сынып оқушыларына емхана қызметкерлері туберкулездің алдын алу бойынша іс -шара өткізді. Іс-шара "Өзіңді туберкулезден қорға!" айлығы шеңберінде өтті. Оқушылар туберкулездің алдын алу, жөтел этикеті, қол жуу ережелері бойынша дәріс тыңдады және жадынама мен үндеухат түрінде ақпараттық материалдар берілді.