Ашық есік күні өтті
- Жарияланды 29.02.2020 15:24
- Қаралды: 621
Бүгін №7 қалалық емханада Алғыс айту күніне орай Ашық есік күні өтті.
Іс-шараны өткізудің мақсаты - ауруларды уақытылы анықтау және халықтың өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру
Емханаға келушілерге мамандардың кеңес беруі, маммография, рентгенологиялық және ультрадыбыстық диагностикадан өту ұйымдастырылды. Консультативті қабылдау кезінде емделушілерге 120 медициналық қызмет көрсетілді, ауруларды емдеу бойынша, салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар, ақпараттық материалдар берілді.