Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

2019 жылғы 12 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№7 қалалық емхана" МКК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Емхана басшысы ұжымды мерекемен құттықтады. Мереке қарсаңында дәрігер рентгенолог Жорағат Молдабайұлы Молдабаев "Еңбек ардагері" медалімен, хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Адайұлы Құсаинов "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" медалімен марапатталды, дәрігер рентгенолог Балтабай Хамзиұлы Төлегенов емхана әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталды.

  • 1
  • 2