Операциялық үстел мен стоматологиялық қондырғыны сатып алу бойынша бірыңғай ұйымдастырушының тендер өткізуі туралы №14 хабарландыру 11.03.2024ж.
Ұйымдастырушы Астана қаласы әкімдігінің "№7 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК операциялық үстел мен стоматологиялық қондырғыны сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тапсырыс беруші: Астана қаласы әкімдігінің "№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК, Астана қаласы, Алматы ауданы, Қошқарбаев даңғылы, 64 үй мекенжайында орналасқан.
Сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, көлемі, орны, жеткізу шарттары тендерлік құжаттамада көрсетілген (1-қосымша).
Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 07 маусымдағы № 110 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында көрсетілген талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакеті 2024 жылғы 01 сәуірге дейінгі мерзімде 10 сағат 00 минутты қоса алғанда беріледі, Астана қ., Ш. Құдайбердіұлы 29, каб.№319, демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін).Құжаттама тегін беріледі.
Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың басталу күні 2024 жылғы 11 наурыз сағат 15:00-ден бастап. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 01 сәуір сағат 10.00-ге дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2024 жылғы 01 сәуір сағат 10.30-да мына мекенжай бойынша ашылады: Астана қаласы, Ш.Құдайбердіұлы 25,29, "№7 Қалалық емхана"ШЖҚ МКК.
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 918338.