Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы №12 хабарландыру 26.02.2024ж.

Сатып алуды ұйымдастырушы Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 Қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, заңды мекенжайы: Астана қаласы, Ш. Құдайбердиұлы даңғылы, 25,29, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен гематологиялық анализаторға арналған реагенттерді сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

Гематологиялық анализаторға арналған реагенттерді сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, сатып алу үшін бөлінген сома) осы хабарландыруға № 1 қосымшада көрсетілген (сатып алынатын тауарлардың тізбесі).

Жеткізу мерзімі мен шарттары: жеткізуші Астана қ., Ш. Құдайбердіұлы даңғылы 29, ересектер корпусы, 101 каб. мекенжайы бойынша жеткізуді жүзеге асырады. 2024 жыл ішінде шарт бойынша жеткізу кестесіне сәйкес жеткізу.

Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін төлемді Шартқа сәйкес күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізеді.

Құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны және баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі: өтінімдерді қабылдаудың басталу күні 26.02.2024 жылдан бастап сағат 09: 00 - ден 17: 00-ге дейін, қабылдаудың соңғы уақыты 04.03.2024 ж. 12-00 сағатқа дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда; түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін) жергілікті уақыт бойынша: ж.Астана, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 29, ересектер ғимараты, №319 кабинет. Баға ұсыныстарын қарау күні мен уақыты: 10: 30 сағат 04.03.2024 ж.

 

Туындаған сұрақтар бойынша 8 (7172) 918338 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

 

Қосымшаны сақтау...