Дені сау бала кабинетіндегі дәріс
- Жарияланды 14.02.2017 14:38
- Қаралды: 1795
14.02.2017 жылы дені сау бала кабинетінде №7 қалалық емхана психологы Орынбаева А.С «3-жастағы дағдарыс» тақырыбында дәріс жүргізді.Дәріс мақсаты:үш жастағы дағдарыстың алдын –алу және оны жеңу жолдарын түсіндіру.Ата-аналарға дағдарыспен күресу жолдарында қандай шешім қабылдау керектігі жөнінде парақшалар тарқатылды.
Кіші қызметкерлердің этика және деонтологиясы
- Жарияланды 30.01.2017 12:27
- Қаралды: 2368
2017 жылдың басында кіші қызметкерлермен емхана психологтары этика және деонтология тақырыбында қызықты тренинг және дәріс өткізді.
Дәрісте кіші қызметкерлер өзін –өзі дәрігерлер мен медбикелер алдында әдепті ұстауды, емделушілермен дұрыс қарым –қатынасты орната білуді және өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарау керектігі жөнінде айтылды.
Сонымен қатар өз жұмысына деген қызығушылықты арттырып, өмірді бағалау жайында тренинг ойыны өткізілді. Кіші қызметкерлер тренингтерге белсене қатысып, ризашылықтарын білдірді.
Ұйымдастырушы емхана психологтары: Джаналиева Г.К , Орынбаева А.С, Тәнібаева Ж.Ж, Саурыкова Б.К.
26 ақпанында Ашық есік күні өтті
- Жарияланды 26.01.2017 18:55
- Қаралды: 1491
2017 жылдың 26 қаңтарында «Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күніне» орай емханаға тіркелген тұрғындарға ашық есік күні өтті.
Арнайы мамандар, соның ішінде эндокринолог – 14, терапевт – 19, кардиолог – 35, онколог – 20, онкогинеколог – 12, көз дәрігері – 58 қабылдау өткізді. Барлығы 158 тұрғынға қызмет көрсетілді, 50 емделушіден қанның құрамындағы холестерин мен қантты анықтау үшін қан талдауы алынды. Емделушілерге онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикасы бойынша ақпараттық материалдар үйлестірілді. Сонымен қатар емхана дәрігерлеріне онкодиспансердің акушер-гинекологы Балхожаева Алия Аскарқызы «Жатыр мойны обырының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.