Уролог маманмен уақытылы кеңес алу туралы

Репродуктивті денсаулық – ер адамның жалпы әл-ауқаты мен өмір сапасының ажырамас бөлігі.

Көп жағдайда ер азаматтар өз денсаулығына, әсіресе репродуктивті жүйеге қатысты мәселелерге көңіл бөле бермейді. Алайда жыныстық жетілу кезеңінен бастап, әрбір ер бала өз ағзасындағы өзгерістерді дұрыс түсініп, күтіп-баптауға дағдылануы керек. Бұл — болашақта белсіздік, гормондық бұзылыстар, инфекциялық аурулар сияқты күрделі мәселелердің алдын алудың негізгі жолы.

Жеке гигиена және репродуктивті денсаулық тақырыбында ақпараттық лекциялар ұйымдастырылды

№7-қалалық емханаға қарасты 52 мектепте ер балаларға арналған жеке гигиена және репродуктивті денсаулық тақырыбында ақпараттық лекциялар ұйымдастырылды. Лекция барысында мамандар жасөспірімдерге жеке бас гигиенасының маңыздылығы, жыныстық жетілу кезеңінде болатын физиологиялық өзгерістер, репродуктивті жүйенің қызметі, сондай-ақ зиянды әдеттерден сақтану мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу туралы кеңінен мағлұмат берді.

ңгіме оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түсінікті тілде жүргізіліп, оларды мазалайтын сұрақтарға кәсіби әрі ашық жауаптар берілді. Бұл шара жасөспірімдердің өзін-өзі тануына, жауапкершілік сезімін арттыруға және өз денсаулығына деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға септігін тигізді.

Ерлер денсаулығы – отбасы амандығының кепілі!

Бүгін ашық есік күні 7 қалалық емханада уролог маманымыз пациенттермен қабылдау жүргізіп, ерлердің репродуктивті денсаулығы, профилактикалық тексерулер мен өмір салтына қатысты маңызды кеңестер берді.

Уақытында тексерілу – аурудың алдын алудың ең тиімді жолы!

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз – дәрігерге уақтылы көрініңіз! #СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025 #RepHealth2025 @aielder_otbasy_komissiasy_ast @ulttyqkomissia

Алаяқтардан сақ болыңыз!