Жүкті әйелдер арасында түсіндіру шаралары

Жүкті әйелдер арасында сәбидің денсаулығы қоғамның тұрақты дамуы үшін маңызды екені туралы түсіндіру шаралары.

АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Құрметті тұрғындар!

Репродуктивті денсаулық апталығына орай, №7 қалалық емханада Ашық есік күні өтеді!

Өтетін күні: 2025 жылғы 12 мамыр Уақыты: сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін

Іс-шара аясында сіздерге акушер-гинеколог маманның тегін кеңесі ұсынылады.

Денсаулығыңыз — өз қолыңызда!

«Бронх демікпесі» тақырыбында кәсіби дәрежеде ұйымдастырылған лекция өтті

Бүгін 7 қалалық емханада медицина қызметкерлері үшін «Бронх демікпесіа» тақырыбында кәсіби дәрежеде ұйымдастырылған лекция өтті.

Іс-шара аясында дәрігерлер бронх демікпесінің заманауи диагностикасы мен емдеу әдістері туралы тың ақпарат алып, өзара тәжірибе алмасты.

Лекция жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.

Дүниежүзілік Астма күніне орай Ашық есік күні

Бүгін 7 қалалық емханада Дүниежүзілік Астма күніне орай Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында пульмонолог дәрігер 15 пациентке тегін кеңес беріп, бронх демікпесінің алдын алу мен тиімді емдеу жолдары жөнінде құнды ақпаратпен бөлісті.

Бұл шара қала тұрғындарының денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып, аурудың ерте алдын алуға ықпал етті. Белсенділік танытып, қатысқан барша тұрғындарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Ашық есік күні!