Алдын алу және медициналық-әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

 

Алдын алу және әлеуметтік-психология бөлімшесі 2007 жылдан бастап жұмыс істейді, құрамы: салауатты өмір салты кабинеті, әлеуметтік-психология қызметі, «Шаңырақ» жастар денсаулығы орталығы. Бөлімше меңгерушісі СӨС координаторы Идрисова Б.К. Бөлімшеде денсаулықты күшейту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында алдын ала іс-шаралар жүргізіледі. 10 денсаулық мектебі бар: артериалды гипертония, тыныс демікпесі, қант диабеті, инсульт, глаукома және т.б. әлеуметтік қызметкерлер алдын алу іс-шараларын жүргізіп, науқастын әлеуметтік деңгейін анықтайды, әлеуметтік қызметті қажет ететін мақсатты топтарды саралап, патронаж жасайды.

Психологтар алдын алу психологиялық жұмыстар жүргізеді, медициналық қызметке қосымша әлеуметтік-психологиялық қызмет жасайды және әр түрлі тақырыптарда тренингтер өткізеді. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап қарт адамдардың жағдайын жақсарту мақсатында «Сенім» клубы ашылды. Мамандар жыл сайын қарт адамдарға медициналық тексеруді ұйымдастырып, қарттар денсаулығы, тамақтануы жөнінде дөңгелек үстелдер және т.б. өткізеді.

 

Психологтарды қабылдау уақыты 8:00- 15:40 -  Балалар корпусы 315 кабинет (дүйсенбіден жұмаға дейін)

Жүктілік психологы 8:00-15:40 - Ересектер корпусы 318 кабинет (дүйсенбіден жұмаға дейін)