Медициналық ұйым туралы

Астана қаласы әкімшілігінің ШЖҚ «№7 қалалық емхана» туралы ереже

1.Астана қаласының шаруашылық жүргізуге құқықты «№7 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 2007 жылдың қараша айында пайдалануға берілген Астана қаласының «Алматы» ауданы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылындағы 25,29 екі ғимаратында орналасқан.

Ғимараттың жалпы ауданы 8826,3 ш.м. құрайды.

Жоспарлы қуаты бір ауысымда 533 келіп-кету, нақтысы 961,5. Емхананың қызмет көрсету аумағы 30 км құрайды, оған қоса Интернациональный, Мичурино, Куйгенжар кенттерінің тұрғын аумағы кіреді. Осы кенттеріне медициналық қызмет көрсету ЖТД-2 бөлімшесіне біріктірілген.

2. Қалалық емхана тіркелген халыққа амбулаторлық-поликлиникалық көмекті учаскелік-аумақтық ұстанымға сәйкес көрсетеді.

3. Халыққа білікті мамндандырылған медициналық қызмет көрсету, емделушілерді диспансерлеу, сырқатты алдын ала анықтау, ару-сырқаудың алдын алу мен төмендетудегі іс-шаралардың кең ауқымда өтуі қалалық емхананың қызметі болып табылатын мекме. Қалалық емхана өзіне қарасты күш пен қаражатты пайдалану арқылы халыққа санитарлық-гигиеналық тәрбие жұмысын жүргізеді, сонымен қатар жағымсыз әдетпен күресуді жүзеге асырады (темекі тарту, ішімдік ішу және т.с.с.)

4. Емхананың негізгі міндеті болып:
Өзіне қарасты ауданның халқына білікті мамандандырылған көмекті емханада және үйде көрсету.
Өзіне қарасты ауданның халқына және тіркелген қызметкерлерге ауру-сырқауды, мүгедектікті және өләм-жәтәмнің алдын алу іс-шараларын кешенді түрде ұйымдастыру және өткізу.
Халықты диспансерлеуді (сау және сырқат) ұйымдастырау және жүзеге асыру, ең алдымен жас өспірімдерді,жүрек-тамыр ауруы, онкологиялық ауруы және басқа ауруға шалдығу қауіпі жоғары адамдарды.
Халыққа санитарлық-гигиеналық тәрбие жұмысын жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану, белсенділікті арттыру және жағымсыз әдетпен күресуді жүзеге асыру (темекі тарту, ішімдік ішу және т.с.с.)

5. Алдына қойлған мақсатты жүзеге асыру үшін қалалық емхана (қалалық аурухананың поликлиникалық бөлімі) келесіні ұйымдастырып, орындайды: 
5.1. Өткір және тосын ауруға шалдығуда, жарақаттард, улану мен басқа жазатайым оқиға болған жағдайда алғашқы және жедел медициналық көмек көрсету. 
5.2. Денсаулық жағдайына, күйіне, төсек тартып жатуына байланысты емханаға келе алмайтындарға үйде емдеу негізінде дәрігерлік көмек көрсету, дәрігердің жүйелі түрде қарауы және ауруханаға жатқызу туралы сұрақты шешу. 
5.3. Ауру-сырқатты ерте анықтау, емханаға жүгінген емделушілерге білікті және толық тексеру. 
5.4.  Халыққа уақтылы және білікті дәрігерлік көмекті амбулаторлық қабылдауда және үйде емдеу негізінде көрсету. 
5.5. Стационарлық ем қабылдауға мұқтаж жандарды алдын ала максималды тексеріп, сырқатының бағдарына сәйкес уақытылы ауруханаға жатғызу. 
 

5.6. Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары, ми қанайналымының бұзылу салдарымен, қол-аяқ кемістігі аурулары мен оның зақымдануымен ауыратын науқастарды қалпына келтіру, кардиолог, невропотолог, ревматолог, травматолог және басқа да дәрігер мамандарды – дәрігерлерді жұмылдыра отырып, қалпына келтіріп емдеу бөлімшесінде шоғырландырылған қалпына келтіріп емдеуді жүргізу; 

5.7. Осы мақсатқа бірыңғай жүйені аса жоғары қолдана отырып және оларды көбінде емхананың алдын-алу бөлімшесіне шоғырландырып барлық кәсіби  (жұмысқа орналасуға, кезеңдік, мақсаттық және т.б.) тексеру түрлері; 

5.8. Халықты диспансерлеу, соның ішінде: олардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылауға жататын тұлғаларды (дені сау және науқас) іріктеу. Олардың білікті тексерістен өтуін және ауру сипаты мен ағымына байланысты жүйелік емдеу, олардың еңбек және тұрмыс шартын тексеру және қажетті алдын алу шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету; 

5.9. Жасөспірімдер денсаулығының жағдайын динамикалық бақылау: жұмыс істейтін жасөспірімдер, кәсіби-техникалық училищелерде оқитын, орташа арнайы  және жоғары оқу орындарында оқитын оқушылардың еңбек және тұрмыс шарттарын тексеру, емдеу-сауықтыру шараларын жүзеге асыру; 

5.10. Эпидемияға қарсы шаралар (СЭС-мен бірлесіп): екпелер, жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды анықтау, жұқпалы науқастармен байланыста болған тұлғаларды және реконвалесценталарды динамикалық бақылау (санитариялық-эпидемиялогиялық станция және т.б. дабылы);

5.11. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыз науқастарға (жұмыс істейтін және қызмет көрсететін) сараптама жүргізу, еңбекке жарамсыздық парағын және басқа жұмыс орнына ауыстыруды қажет ететін еңбек ұсыныстарын беру және ұзарту, санаториялық-курорттық емдеуге іріктеу; 

5.12 Тұрақты еңбекке жарамдылықтан айырылған белгілері бар тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу; 

5.13 Қызмет көрсетілетін халыққа, жасөспірімдер мен өндірістік кәсіпорын жұмысшыларына санитариялық-таныстыру жұмыстарын жүргізу, оларды гигиеналық тәрбиелеу. 

5.14. Емхана қызметкерлері мен бөлімшелерінің қызметтерін есепке алу. ҚР Денсаулық сауқтау министрлігі мен ҚР ДСМ ДСДРО бекітілген нысандар бойыннша есептер қалыптастыру, емхана қызметін сипаттайтын статистикалық деректерді, атап айтқанда, жалпы сырқаттар және жұмысшылардың уақытша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан сырқаттарға талдау жасау; 

5.15. Дәрігерлер және орташа медициналық қызметкерлер біліктілігін жоғарлату жөнінде шаралар. 

6. Қалалық емхана құрамына көрсетілген емхананың әрекеттегі «Көрнекі ұйымдастырылған құрылымында» қарастырылған құрылымдық бөлімшелері енгізіледі.

7. №7 қалалық емхана өзіндік мекеме болып табылады және Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына бағынады. 

8. Қызметті жоспарлау, қаржыландыру, штаттар, қалалық емхананы медициналық аппаратармен, аспаптармен, шаруашылық инвентарлар және басқа жабдықтармен жабдықтау белгіленген нормативтерге және белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. 

9. Қалалық емхананы, оның барлық әрекеттерін тікелей басқаратын бас дәрігер басқарады. 

10. Өзіндік мекеме болып табылатын қалалық емхана заңды тұлға құқығын пайдаланады және штамп пен өзінің атауы белгіленген мөрі бар.