Контрацепция тақырыбы бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстары
- Жарияланды 13.05.2025 14:23
- Қаралды: 125
№7-қалалық емхананың акушер-гинеколог маманы тұрғындарға контрацепция тақырыбы бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, жүктіліктің алдын алу әдістері және контрацепция түрлерінің тиімділігі туралы жан-жақты ақпарат беруде.
Түсіндіру барысында әрбір әдістің артықшылықтары мен мүмкін болатын жанама әсерлері, сондай-ақ жеке ерекшеліктерге байланысты дұрыс таңдау жасау маңыздылығы атап өтілуде.
Бұл шараның мақсаты — отбасы жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және әйелдердің денсаулығын қорғауға үлес. #ДеніСауҰрпақ #ЗдоровоеПоколение
Ақпараттық дәріс өткізілді
- Жарияланды 13.05.2025 14:18
- Қаралды: 88
ВОП дәрігерлері арасында «Отбасыны жоспарлау», «Жүктілікке дейінгі медициналық тексерулер», «Фолий қышқылының маңызы» тақырыптарында ақпараттық дәріс өткізілді.
Шара емхананың мәжіліс залында ұйымдастырылып, дәріс барысында репродуктивті денсаулықты сақтау, дені сау ұрпақ дүниеге әкелу үшін қажетті алдын алу шаралары мен дәрумендердің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Лекцияның мақсаты – жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру және халыққа сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ықпал ету. #ДеніСауҰрпақ #ЗдоровоеПоколение
Репродуктивті денсаулық апталығы
- Жарияланды 12.05.2025 15:40
- Қаралды: 103
Репродуктивті денсаулық апталығы басталды! Бүгін емханамызда Репродуктивті денсаулық апталығының ресми ашылуы өтті. Апта барысында тұрғындарға ақпараттық-білім беру жұмыстарымен қатар, мамандардың тегін кеңестері, скринингтік тексерулер және пайдалы кездесулер ұйымдастырылады.
Денсаулық – болашақтың кепілі!