Жеке гигиена және репродуктивті денсаулық тақырыбында ақпараттық лекциялар ұйымдастырылды

№7-қалалық емханаға қарасты 52 мектепте ер балаларға арналған жеке гигиена және репродуктивті денсаулық тақырыбында ақпараттық лекциялар ұйымдастырылды. Лекция барысында мамандар жасөспірімдерге жеке бас гигиенасының маңыздылығы, жыныстық жетілу кезеңінде болатын физиологиялық өзгерістер, репродуктивті жүйенің қызметі, сондай-ақ зиянды әдеттерден сақтану мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу туралы кеңінен мағлұмат берді.

Әңгіме оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түсінікті тілде жүргізіліп, оларды мазалайтын сұрақтарға кәсіби әрі ашық жауаптар берілді. Бұл шара жасөспірімдердің өзін-өзі тануына, жауапкершілік сезімін арттыруға және өз денсаулығына деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға септігін тигізді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04