Covid-19-ға қарсы вакцинация туралы ақпарат
- Жарияланды 02.04.2021 13:03
- Қаралды: 649
ШЖҚ «7 қалалық емхана МКК» “COVID-19” вирусына қарсы күнделікті дүйсенбі-жұма аралығында вакцинация жасалуда. Вакцинация вакцинаның түсуін ескере отырып кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде вакцинация жұқпалы аурулар ауруханаларының медициналық қызметкерлерін, жедел медициналық көмек, жан сақтау, алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем бөлмелерін, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлерін қамтиды.
Екінші кезеңде вакцинация бірінші кезеңге өтпеген орта мектептердің, жоғары оқу орындарының мұғалімдерін, медицина қызметкерлерін қамтиды.
Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, балабақшалардың мұғалімдерін, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдарды қамтиды.
Нұр-сұлтан қаласының №7 емханасында халықты КВИ-ден вакцинациялау 05.04.21 жылдан басталады.
Науқастар алдын-ала жазылу арқылы қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша учаскелік дәрігерге хабарласа аласыз.
Вакцинация бойынша Call-орталығы 79-36-92.
«Денсаулық» акциясы өтті
- Жарияланды 27.03.2021 16:54
- Қаралды: 631
27.03.2021 ж., «№7 қалалық емханада», «Денсаулық» акциясы өткізілді, (Чек-ап) акцияға көп балалы ата-аналар мен медициналық тексеріс ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
Акцияға қатысушылар бірқатар клиникалық-зертханалық диагностикалық және аспаптық тексерулерден өтті. Сонымен қатар, пациенттерді мамандандырылған мамандар қарады, емдеу және диагностикалық тексерулерге ұсыныстар берілді.
Салауатты өмір салты жәйлі сұрақ-жауапты салауатты өмір салтын емдеу дәрігері Г.Е.Таймаханова жүргізді. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер бұл салада белсенділік танытты.
Құрметті тұрғындар!!!
- Жарияланды 27.03.2021 09:49
- Қаралды: 646
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№7 қалалық емхана" ШЖҚ МКК әкімшілігі, Сіздерден ЖРВИ (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, жөтел, қалтырау, бұлшықеттердің сырқырауы, иіс пен дәмнің жоғалуы, ентігу) белгілері пайда болған жағдайда үй жағдайында өзін-өзі емдемеуді сұрайды.
Жоғарыда аталған белгілер пайда болған кезде:
1) фильтр кабинетіне- ересектер ғимаратының 115 кабинетіне жүгіну (бүйіржағынан кіресіз):
(08:00 нен 18:00ге дейін)
2) учаскелік дәрігерге немесе мейірбикеге хабарлау қажет; (участок дәрігері мен мейірбике байланыс номерлерін көрсету) (08:00 нен 18:00ге дейін)
3) Егер Сіз емханаға жете алмаған жағдайда және учаскелік дәрігерге хабарласа алмаған жағдайда, 79-36-21 нөмірі бойынша (сағат 08:00 мен 18:00 аралығы) тіркеу бөлімі арқылы қоңырау шалып, мобильді бригаданы үйге шақыруды рәсімдей аласыз;
4) жағдайыныңыз күрт нашарлаған кезде (сағат 18:00 мен 08:00 аралығы) 103-ке қоңырау шалыңыз.
«Денсаулық» акциясы өтті
- Жарияланды 13.03.2021 14:45
- Қаралды: 648
13.03.2021 ж., «№7 қалалық емханада», «Денсаулық» акциясы өткізілді, (Чек-ап) акцияға көп балалы ата-аналар мен медициналық тексеріс ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты...
Акцияға қатысушылар бірқатар клиникалық-зертханалық диагностикалық және аспаптық тексерулерден өтті. Сонымен қатар, пациенттерді мамандандырылған мамандар қарады, емдеу және диагностикалық тексерулерге ұсыныстар берілді.
Салауатты өмір салты жәйлі сұрақ-жауапты салауатты өмір салтын емдеу дәрігері Г.Е.Таймаханова жүргізді. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер бұл салада белсенділік танытты.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
- Жарияланды 11.03.2021 10:39
- Қаралды: 609
Назар!
№7 Қалалық емхана «Денсаулық» науқаны аясында 13.03.2021ж. сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.
Ашық Есік Күні Әлеуметтік қорғалатын санаттағы тұрғындар үшін.
Сізді зертханалық зерттеулер, диагностикалық зерттеулер және мамандардың тексеруі күтеді!