Damumed қосымшасы арқылы COVID-19-ға қарсы вакцинацияға қалай жазылуға болады?
- Жарияланды 14.04.2021 10:57
- Қаралды: 654
Нұр-Сұлтанда тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда. Екпені алу үшін вакцинация жүргізіп жатқан медициналық ұйымға бірден жүгініп немесе алдын ала жазылып, вакцинацияға шақыруды күту керек.
Тұрғындарға нұсқама «КВИ-ға қарсы екпені қалай алуға болады?»
- Жарияланды 09.04.2021 08:06
- Қаралды: 632
Covid-19-дан вакцинация туралы не білу қажет?
- Жарияланды 05.04.2021 12:03
- Қаралды: 683
1. COVID-19-ҒА ҚАРСЫ САЛЫНАТЫН ВАКЦИНА ҚАУІПТІ МЕ?
Вакцина инфекциялық агенттерді – ауру тудыруы мүмкін вирустарды, бактерияларды немесе басқа да микроорганизмдерді имитациялайды. Осылайша адамның иммундық жүйесі тез және тиімді жауап беруге «үйренеді». COVID-19-ға қарсы вакцинациялау кезінде ауру тудырмайтын, бірақ, сонымен қатар, иммундық жауапты қауіпсіз генерациялайтын, инактивацияланған немесе әлсіздендірілген вирусты пайдалана отырып фрагменттер қолданылады.
ДДСҰ жаппай қолдануға рұқсат берген вакциналар ауруларға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден және клиникалық сынақтардан өтеді, сондай-ақ ұлттық реттеуіш стандарттарына сәйкес келетіндігі тексеріледі.
2. БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ВАКЦИНАНЫ КІМ АЛУЫ ТИІС?
Коронавирусқа қарсы вакцинаны, ең алдымен, медицина қызметкерлері және халықпен жиі араласатын қауіп тобындағы адамдар алуы керек. Бұл денсаулық сақтау және экономика саласындағы жағдайды барынша тез тұрақтандыруға, сондай-ақ жаһандық пандемиядан қалпына келтіру процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Тұрғындарға нұсқама «КВИ-ға қарсы екпені қалай алуға болады?»
- Жарияланды 02.04.2021 16:34
- Қаралды: 643
Сәуірдің екінші жартысынан елорда тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталмақ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымда вакцинация алу бойынша нұсқаулық ұсынып отыр.
- Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында алуға болады және ол екі кезеңмен 21 күндік айырмашылықпен жасалады;
- Жеке басты куәландыратын құжатымен «өз емханасына» дәрігердің шақыруымен келуі жеткілікті;
- Емханадағы тіркеу орнында вакцинация жүргізілетін кабинеттің нөмірін анықтаңыз. Жалпы, емханаға кірерде вакцигнация жүргізілетін ем-шара бөлмелері белгіленген;
- Екпе алмас бұрын пациент міндетті медициналық тексеруден өту тиіс. Оған коронавирусқа қарсы вакцина алу бойынша алгоритм түсіндіріледі;