Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткен іс-шара
- Жарияланды 07.04.2023 12:23
- Қаралды: 529
2023 жылдың 7 сәуірінде №7 қалалық емхананың қызметкерлері елорданың Ботаникалық бағында «Әңгімемен жүр» ұранымен өткен Дүниежүзілік денсаулық күнін және ДДҰ-ның 75 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шараға қатысты. 1000-нан астам қатысушылар , олардың арасында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек және ДДҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Скендер Сила болды.
Ажар Ғиният қатысушыларды құттықтап, адамдардың назарын денсаулықты нығайтуға, әлемдегі қауіпсіздікті сақтауға және азаматтардың денсаулық пен әл-ауқатқа деген құқықтарын сақтауға аудару үшін Дүниежүзілік денсаулық күнін өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Дүниежүзілік денсаулық күні
- Жарияланды 07.04.2023 10:10
- Қаралды: 499
2023 жылдың 7 сәуірінде Дүниежүзілік денсаулық күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің 75 жылдығын атап өтті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1948 жылы әлем халықтарының ұжымдық бастамасы бойынша адам денсаулығын нығайту, дүниенің қауіпсіздігін сақтау және халықтың осал топтарының мүдделеріне қызмет ету үшін құрылды, осылайша әр адам қай жерде болса да денсаулықтың ең жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Назар аударыңыз! Сауалнама!
- Жарияланды 29.03.2023 12:32
- Қаралды: 446
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
«Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен челлендж
- Жарияланды 27.03.2023 10:46
- Қаралды: 484
2023 жылдың 27 наурызында №7 қалалық емхананың дәрігерлері жыл сайын 24 наурызда өтетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен челлендж ұйымдастырды.
Туберкулез – ауа тамшылары арқылы берілетін жұқпалы ауру. Тиісті емі болмаса, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адам жылына орта есеппен 10-15 адамға жұқтыруы мүмкін. Туберкулез жыл сайын мыңдаған адамның өмірін қияды, дегенмен дәрігерге дер кезінде қаралып, тиісті емді қабылдасаңыз, бұл жазылатын ауру.
Санитарлық-ағарту жұмыстары
- Жарияланды 17.03.2023 18:33
- Қаралды: 668
2023 жылдың 17 наурызында №7 емханаға Алматы ауданының СЭББ санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің бас маманы Аяганова Н.А. және емхана дәрігерлері Туберкулездің алдын-алу мақсатында халыққа ағарту жұмыстарын жүргізді.