Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткен іс-шара

2023 жылдың 7 сәуірінде №7 қалалық емхананың қызметкерлері елорданың Ботаникалық бағында «Әңгімемен жүр» ұранымен өткен Дүниежүзілік денсаулық күнін және ДДҰ-ның 75 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шараға қатысты. 1000-нан астам қатысушылар , олардың арасында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек және ДДҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Скендер Сила болды.

Ажар Ғиният қатысушыларды құттықтап, адамдардың назарын денсаулықты нығайтуға, әлемдегі қауіпсіздікті сақтауға және азаматтардың денсаулық пен әл-ауқатқа деген құқықтарын сақтауға аудару үшін Дүниежүзілік денсаулық күнін өткізудің маңыздылығын атап өтті.

  • 01
  • 02
  • 03