8-11 сынып қыздарына арналған тренинг-дәріс өтті
- Жарияланды 13.10.2023 13:59
- Қаралды: 413
Акушер-гинеколог, психолог және Салауатты өмір салты дәрігері №42,43,37,52,64 мектептерде «Жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында 8-11 сынып қыздарына арналған тренинг-дәріс өткізді.
Дәріс достық қарым-қатынаста және сенімді ортада өтті, оқушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды, ақпараттық материалдар таратылды.
«Дүниежүзілік тазалық күні»
- Жарияланды 16.09.2023 13:10
- Қаралды: 433
Бүгін «№7 қалалық емхана» қызметкерлері «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы аясында жалпықалалық қоғамдық жұмысқа белсене қатысты! Мекеме қызметкерлері айналаны тазартты.
Есептік кездесу өтті
- Жарияланды 12.09.2023 17:40
- Қаралды: 441
2023 жылдың 12 қыркүйегінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, №7 қалалық емханада тұрғындармен есептік кездесу өткізді. Астана қаласы бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы – Джуманов Гуламжан Иристаевич спикер болды.
Назар! Хабарландыру!
- Жарияланды 12.09.2023 10:30
- Қаралды: 407
Құрметті пациенттер!
12.09.2023 жылдан бастап емханада «Гриппол» вакцинасымен тұмауға қарсы тегін иммундау басталды.
Вакцинация алу үшін, Сіз учаскелік дәрігерлерге жүгіне аласыз.
"Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайтындықтан, бір рет ауырып, өмір бойы иммунитет алу мүмкін емес. Өткен жылы алынған тұмауға қарсы иммунитет биылғы тұмау вирусынан құтқармайды. Сондықтан жыл сайын тек ағымдағы жылғы вакцинамен егу қажет. Иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойы (12 ай) сақталады.
Назар! Хабарландыру!
- Жарияланды 11.09.2023 13:19
- Қаралды: 386
Құрметті №7 қалалық емхананың пациенттері мен келушілері, 2023 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 16:00-де ересектер ғимаратының мәжіліс залында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорның қызметкерлерінің бекітілген тұрғындармен есептік кездесуі жоспарланған.