Емізудің артықшылықтары

Емізудің артықшылықтары

  • Тамақтандыру қауіпсіздігінің кепілі, баланы инфекциялардан қорғау
  • Баланың өсуі мен жетілуіне пайдасы (физикалық және интеллектуалды дамуына)
  • Тамақтандыруға қаржылық шығындардың болмауы
  • Әйелдердің ауру қаупін төмендету

Дұрыс емізудің негізгі қағидалары

 

1. Баланы туылғаннан кейінгі алғашқы сағат ішінде кеудеге басу;

2. Балаға емшекті дұрыс беру.

3. Бала емшек сұрағанда емізу, оның ішінде түнгі уақытта емізу.

4. Бір емшекті еміп болғаннан кейін баланы екінші емшекке ауыстыру.

5. Балаға емізік бермеу және бөтелкеден тамақтандырмау.

6. 6 айға дейін тек емшек сүтімен тамақтандыру (басқа сұйықтықтар бермеу).

7. Баланы 1,5-2 жасқа дейін емізу.

ДҰРЫС ЕМІЗУДІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ – ЕМШЕКТІ ДҰРЫС БЕРУ – емшек ұшы баланың таңдайына тигенде, немесе емшек ұшы баланың аузына тура емес, сәл жоғары қарап тұрғанда дұрыс емізу болып саналады. Бұл жағдайда сүтбез ареоласының төменгі жағы көбірек баланың ауызына кіріп тұрады. Баланың аузын неғұрлым кең аштырған жөн (бұрыш 130-150 гр.), тілі қызыл иектің үстінде болуы керек, сонда ему кезінде анасы ауырсынуды сезіебейді.

Егер балаңыз емшек ұшы мен ареоланы аузына толық ала алмаса, сізге ыңғайсыз болады, тіпті ауырсынуды сезінуіңіз мүмкін, оған жол бермеу керек. Баланың қызыл иегін саусағыңыздың ұшымен ашып, емшекті шығару керек, сосын қайта беру керек.