Балаларды қорғау күніне балаларға арналған Ашық есік күні өтті

01.06.2022 ж. №7 емханада Балаларды қорғау күніне балаларға арналған Ашық есік күні Мереке 14 мекен-жайында «Интернациональный» тұрғындары үшін өткізілді. Емхана дәрігерлері (офтальмолог, невропатолог, психолог, стоматолог) пациенттермен консультациялар, әңгімесулер өткізді. 0-18 жас аралығындағы балалар профилактикалық тексеруден өтті.

Түрлі-түсті шарлармен безендірілген бас корпусының емхананың балалар ғимаратының холында психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер осы күні емханаға келген ата-аналар және балалармен флешмоб өткізді. Аниматорлармен ойын-сауық ойындары, асфальтта сурет салу конкурсы, ата-аналармен шағын тренингтер өткізілді. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар, жаднамалар таратылды. Қатысушылар емхана әкімшілігіне көңіл бөлгені, мейірімділігі, жылы шырайлы қарым-қатынасы үшін алғыстарын білдірді.

Назар! Хабарландыру!

2022 жылы 1 маусым айында "Балаларды Қорғау Күні" мерекесіне орай Мереке көшесі 14  мекен-жайы бойынша  0-ден 18 жасқа дейін балалардың профилактикалық тексеруін ұйымдастырады.

Қабылдайтын дәрігерлер:

Невропатолог  09.00-ден 13.00-ге дейін.

Окулист 09.00-ден 13.00-ге дейін.

Тіс дәрігері 09.00 - ден 13.00-ге дейін.

Психолог 09.00 - ден 13.00-ге дейін.

Референдум мәселесі бойынша қызметкерлер жиналысы өтті.

Бүгін №7 қалалық емханада 2022 жылғы 5 маусымда өтетін референдум мәселесі бойынша қызметкерлер жиналысы өтті.

Конституцияның өзгертуге жататын баптары айтылды.

Қыметкерлерге референдум өтетін учаскілері туралы ақпарат берділді.

Назар! Судағы қауіпсіздік ережелері

Құрметті ата-аналар! Ауа райынының жылынуы мен жаздың келуіне байланысты суда шомылу уақыты да басталды. Алайда, суға түскен кезде (ашық су алаңдары, бассейндер, т.б.) кейбір сақтық шараларын сақтау шарт! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Өзгеріске дауыс бер!