Халықаралық акушер-гинеколог дәрігерлердің күні

Бүгін, 5-мамыр — халықаралық акушер-гинеколог дәрігерлердің төл мерекесі Ана мен бала денсаулығын жіті  қадағалап, әйел адамның саулығын арттыру үшін күні-түні қызмет атқаратын зор мамандық иелері үшін бұл күннің айтарлықтай маңызы зор. Жүктілікті жоспарлап, әйелдің босанғанға дейінгі ахуалы мен күтімі дәл осы абзал жандардың жауапкершілігіндегі шаруа. Тіпті, жүкті әйелдің көңіл-күйіне тікелей әсер ететін, бірге қуанып, қиын жағдайда демеу болатын кеңесші де осы акушер-гинекологтар.

20 жылдан астам жұмыс өтілі бар акушерлерімізді- Тынбаева Зәуреш Ислямовна, Шарипова Бақтыгүл, Лукьянчук Юлия Владимировна, Жұмамұратова Жазира Кенесбергеновнаны мерекелерімен құттықтаймыз! Ендеше, барлық акушерлерімізді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!  Еліміздің халқының  санын көбейтуге үлес қосқан ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамыз!

Сенің өмірің – сенің таңдауың!

Жалпы қалалық сенбілік

Бүгін «№7 қалалық емхана» қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық қоғамдық жұмысқа белсене қатысты! Мекеме қызметкерлері айналаны тазартты.

Вакциналар адамдардың барлық ұрпақтарының денсаулығын қорғайды

Вакцинация барлық жастағы адамдар үшін маңызды. Ұлттық иммундау бағдарламалары иммундық жүйенің вакциналарға әр түрлі жаста қалай жауап беретінін және қай кезеңде ауыр сырқаттану қаупі жоғары екенін ескереді.

Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығын қорғау

Көкжөтел – бұл спазмодикалық жөтел шабуылдарын тудыратын тыныс жолдарының инфекциясы. Көкжөтел әсіресе нәрестелер мен жас балалар үшін қауіпті. АКДС-вакцинасының көмегімен көкжөтелдің алдын алуға болады.