"СУДЫ ТАҢДА"

"СУДЫ ТАҢДА"  Қантты газдалған сусындар мен энергетикалық сусындарды тұтынуға шектеу!!!

Судың адам ағзасындағы рөлі:

-ми қызметі жақсарады
-Өнімділік артады
-әдемі тері
-Сау жүрек
-зат алмасу процесі жақсарады
-күшті сүйектер
-көтеріңкі көңіл-күй
-күшті бұлшықеттер

Назар! Хабарландыру!

Құрметті пациенттер!!!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау  күніне орай,  2023 жылдың 12 сәуірінде  сағат 9:00 – ден 13:00 – ге дейін емхананың ересектер және балалар ғимаратында Ашық есік күні өтеді.

Бұл күні:

-қан қысымын өлшеуге

-сахар деңгейін өлшеуге

-физикалық параметрлерді анықтауға болады

-гепатитке экспресс тест жасауға болады.

Сенбілік өтті

2023 жылдың 8 сәуірінде  ШЖҚ МКК Нұр-Сұлтан қаласының «№7 қалалық емханасында» жалпы қалалық сенбілік өтті.

Сенбілікке 211 -ге жуық адам қатысты.

Мекеме қызметкерлері іргелес аумақты тазалап, оны қоқыстан, құлаған жапырақтардан, ағаштардың құрғақ бұтақтарынан тазартты, сонымен қатар ағаштар мен жол жиегін әктеді

Сенбілік ұйымдасқан түрде өтті, емхана аумағы барынша тартымды көріне бастады.

Қызметкерлерге арналған семинар

2023 жылдың 7 сәуірінде No7 Қалалық емханада медицина қызметкерлеріне АИТВ-ның алдын-алу орталығының эпидемиолог дәрігері Рахимбаева З.Б.семинар өткізді.Семинар тақырыбы

«Эпидемиологиялық жағдай, нормативтік құқықтық актілер. АИТВ-инфекциясына клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу, экспресс-тестілеу».

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткен іс-шара

2023 жылдың 7 сәуірінде №7 қалалық емхананың қызметкерлері елорданың Ботаникалық бағында «Әңгімемен жүр» ұранымен өткен Дүниежүзілік денсаулық күнін және ДДҰ-ның 75 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шараға қатысты. 1000-нан астам қатысушылар , олардың арасында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек және ДДҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Скендер Сила болды.

Ажар Ғиният қатысушыларды құттықтап, адамдардың назарын денсаулықты нығайтуға, әлемдегі қауіпсіздікті сақтауға және азаматтардың денсаулық пен әл-ауқатқа деген құқықтарын сақтауға аудару үшін Дүниежүзілік денсаулық күнін өткізудің маңыздылығын атап өтті.