Халықаралық отбасы күніне орай ашық есік күні өтті

2023 жылдың 13 мамыры No7 қалалық емхананың ересектер ғимаратында Халықаралық отбасы күніне орай ашық есік күні өтті. Шараға көп балалы ата-аналар шақырылып, денсаулықтарын тексеру үшін келесі дәрігерлердің қабылдауынан өте алды:

Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шара өтті

2023 жылдың 12 мамыры No7 қалалық емхананың Балалар ғимаратында Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шара өтті. Балаларға арналған «Анам, әкем, мен – бірге біз бір отбасымыз» атты арт-терапия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар жануарлар мен жемістердің суреттерін тапты.

Медбикелер күніне арналған салтанатты шара өтті

2023 жылғы 12 мамыр №7 қалалық емхананың мәжіліс залында медбикелер күніне арналған салтанатты шара өтті. Емхана директоры Қуанышева  А.Ш.  медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Емхана әкімшілігі атынан медбикелерге алғыс хаттар мен мадақтамалар табыс етілді.

Құрметті медбикелер Сіздің күнделікті жұмысыңыз бен жұмысыңызға деген сүйіспеншілігіңіз үшін рахмет.

«Темекіге тәуелділік, психикалық денсаулыққа әсері»

2023 жылдың 11 мамырында «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, сондай-ақ ҰАҚ АМУ психиатрия және наркология бөлімімен, ішкі аурулар бөлімімен бірлесіп темекіге тәуелділіктің алдын алу айлығы аясында «Темекіге тәуелділік, психикалық денсаулыққа әсері» атты қалалық медициналық конференциясын өткізді. Конференцияға, Астана қаласының Жастар денсаулық орталықтарының, емдеу мекемелері мен емханаларының  салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігерлер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, «Астана медицина университеті»  2-5 курс студенттері, интерндер мен резиденттер қатысты.

Жалпықалалық қоғамдық сенбілік жалғасуда

Бүгін «№7 қалалық емхана» қызметкерлері «Таза қала өзіңнен басталады» ұранымен өткен жалпықалалық қоғамдық жұмысқа белсене қатысуды жалғастырды! Мекеме қызметкерлері айналаны тазартты.