АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша мектепте ақпараттық дәріс өткізілді
- Жарияланды 15.05.2025 13:08
- Қаралды: 67
АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша мектепте ақпараттық дәріс өткізілді
Оқушылардың медициналық сауаттылығын арттыру және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мақсатында мектепте АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) туралы ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Дәріс барысында мамандар оқушыларға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, аурудың адам ағзасына әсері, ерте диагностиканың маңыздылығы және стигмамен күресу туралы жан-жақты ақпарат берді.
Шара оқушылардың қызығушылығын тудырып, сұрақ-жауап форматында еркін пікір алмасуға ұласты. Бұл кездесу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. #СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025 #RepHealth2025