Дүниежүзілік түберкүлезге қарсы күрес күні
- Жарияланды 24.03.2024 17:46
- Қаралды: 168
24 наурызда Дүниежүзілік түберкүлезге қарсы күрес күні аталып өтілді. Осыған орай, халықты ақпараттандыру мақсатында бүкіл елорда бойымен дауыс зорайтқышы бар көлік жүріп өтті. Бұл акцияға біздің емханамызда қолдау көрсетіп, эстафетаны «Достық» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығына тапсырдық. Акцияның негізгі мақсаты- туберкулездің алғашқы белгілері, дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы, емдеу-алдын алу шараларының тиімділігі туралы халықтың хабардарлығын арттыру.