1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

Емханамызда 1-желтоқсан Дүниежүзілік  ЖИТС-пен күрес күніне арналған «STOP ЖИТС» акциясы өткізілді. АИТВ – жаһандық қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі проблемаларының бірі. Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күнінің мақсаты-АИТВ/ЖИТС туралы жаһандық хабардарлықты арттыру. Барлық мемлекеттік және жеке құрылымдардың ұйымдастырылған күш-жігері АИТВ/ЖИТС-тың таралуының алдын алу бағдарламаларын қолдауға, оқуды ұйымдастыруға және АИТВ/ЖИТС-тың барлық аспектілері бойынша ақпарат беруге бағытталған.

АИТВ/ЖИТС-тың – Алдын алу мақсатында  емханамыздың Психологі мен Салауатты өмір салты дәрігері  № 38,52 мектептерде  дәрістер  өткізді. Дәріс достық қарым-қатынаста және сенімді ортада өтті, оқушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды, ақпараттық материалдар таратылды.

  • 01
  • 02