Бронх демікпесінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтті

2023 жылдың 5 мамырында №7 емханада бронх демікпесінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтті.

Шараның басты мақсаты – тұрғындарды бронх демікпесінің алдын алу туралы ақпараттандыру.

Келушілердің барлығы спирометриядан – тыныс алу жүйесін зерттеуден өтіп, демікпеге қарсы тест тапсырып, демікпе белгілерін анықтап, мамандардың кеңесін ала алды.

«Бронх демікпесі: сұрақтар мен жауаптар», «Демікпемен күресу» атты буклеттер  таратылды.

  • 01
  • 03
  • 04
  • 05