«Салауатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен Ашық есік күні өтті

2023 жылдың 12  сәуірінде №7 емханада Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Салауатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен Ашық есік күні өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – бекінді Денсаулық мектептеріндегі масса индексін есептей  отырып, қан қысымын, холестерин мен глюкоза деңгейін,физикалық параметрлерді анықтау арқылы жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін және жалпы жағдайын бағалау.

Емхананың дәрігерге дейінгі кабинетінде пациенттердің қан қысымын өлшеп, глюкоза мен зәр қышкылына экспресс әдістер мен зерттеулер жүргіздік. Еріктіллерге гепатит ауруына экспресс тест жүргізілді. Пациенттердің физиқалық параметрлерін анықтап, әңгімелесу жүргізілді. Қан қысымын тәуліктің қай уакытында және қалай дұрыс өлшеу керек бойынша Мастер –класс өткізілді.

Астана медицина университетінің студенттері флеш-моб ұйымдастырды.

Жастар мен «Су ішу-менің таңдауым!» челленджі жүргізілді.

  • 01
  • 02
  • 03