Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрілік заттарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру 04.02.2021ж.
Сатып алуды ұйымдастырушы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№7 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, заңды мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы 25,29, №1 қосымшаға сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.
Дәрілік заттарды сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, сатып алуға бөлінген сома) осы хабарландырудың № 1 қосымшасында (сатып алынатын тауарлардың тізбесі) көрсетілген.
Жеткізу мерзімдері мен шарттары: Жеткізуші жеткізуді шарт жасасқаннан және Тапсырыс берушіден өтінім алғаннан кейін мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Нұр-Сұлтан қаласы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы 25,29.
Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші қабылдау - беру актісіне қол қойған және Жеткізуші шот – фактураны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізеді.
Ықтимал жеткізушілердің конвертке салынған баға ұсыныстары жұмыс күндері ұсынылады. Конверт Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша, Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
Өтінімдерді қабылдау басталатын күн: 05.02.2021 жылдан 11.02.2021 жылға дейін, қабылдаудың соңғы уақыты сағат 10.00-ге дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда; түскі үзіліс жергілікті уақыт бойынша: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) Нұр-Сұлтан қаласы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 25,29, №319 кабинет мекенжайы бойынша. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу баға ұсыныстары бар конверттерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін, 11.02.2021 жылы сағат 11:00-ға тағайындалды.
Ықтимал жеткізушілер баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.
Ықтимал жеткізушінің баға ұсынысын беруі хабарландыруда, сатып алу туралы шарттың жобасында, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде көзделген сұрау салу талаптарына сәйкес, оның тауарды беруді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Ықтимал жеткізуші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мынадай құжаттарды қамтитын мөрленген түрде бір ғана баға ұсынысын ұсынады:
1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша баға ұсынысы. Ықтимал жеткізушінің баға ұсынысына жеткізуге байланысты барлық шығыстар, оның ішінде салықтар кіреді;
2. Рұқсат беру органдарымен лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растайтын рұқсатнама;
3. Ұсынылатын тауарлардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1729 қаулысының 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
4. Сатып алынатын медициналық техникаға келесі талаптар қойылады:
1) Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін медициналық техниканың Қазақстан Республикасында тіркелуінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорытындысының (рұқсат беру құжатының) болуы. Тіркеу тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесімен немесе электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсындағы үзіндімен расталады. Тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;
2) медициналық техниканы таңбалау, тұтыну қаптамасы, қолдану жөніндегі Нұсқаулық және пайдалану құжаты Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес келеді;
3) медициналық техника денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес оның қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;
4) медициналық техника жаңа, бұрын пайдаланылмаған, жеткізу сәтінің алдындағы жиырма төрт ай кезеңінде өндірілген болып табылады;
5) өлшем құралдарына жататын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесімен расталады. Өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу қажеттілігінің болмауы Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның хатымен расталады;
6) жылжымалы кешен Қазақстан Республикасында арнайы автокөліктен, медициналық техникадан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан тұратын бірыңғай кешен ретінде тіркелген.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға (бұдан әрі - хабарландыру) сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі (хабарландыруға № 1 қосымша), үлгілік шарт қоса беріледі және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Баға ұсыныстарымен желімделген конверттің беттік жағында ықтимал жеткізуші көрсетеді:
- ықтимал жеткізушінің атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық мекенжайы;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауы, орналасқан жерінің мекенжайы;
- қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы, онда ықтимал жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылады.
"_______ дейін ашпаңыз (хабарландыруда немесе сұрау салуда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі)".
Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген баға ұсынысы бар конверт ықтимал жеткізушіге қайтарылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім, ол бекітілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сатып алуды ұйымдастырушының 7emxana.kz интернет-ресурсында жарияланады.
Туындаған сұрақтар бойынша 8 (7172) 793697 нөміріне хабарласуға болады.