Хабарландыру №18 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен медициналық бұйымды (шығыс материалдарын) сатып алуды өткізу туралы 26.03.2024ж.

Сатып алуды ұйымдастырушы Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 Қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, заңды мекенжайы: Астана қаласы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 25,29, №1 қосымшаға сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

Ұрық мониторының датчигін сатып алу туралы ақпарат (қысқаша сипаттама, сатып алу көлемі, жеткізу орны, сатып алу үшін бөлінген сома) осы хабарландыруға № 1 қосымшада көрсетілген (сатып алынатын тауарлардың тізбесі).

Жеткізу мерзімдері мен шарттары: жеткізуші Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 29 мекенжайы бойынша шартқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жеткізуді жүзеге асырады.

Құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны және баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі: өтінімдерді қабылдаудың басталу күні 26.03.2024 жылдан бастап сағат 09: 00 - ден 17: 00-ге дейін, қабылдаудың соңғы уақыты 02.04.2024 ж. 10-00 сағатқа дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда; түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін) жергілікті уақыт бойынша: ж.Астана, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 29, ересектер ғимараты, №319 кабинет. Баға ұсыныстарын қарау күні мен уақыты: 10: 30 сағат 02.04.2024 ж.

 

Туындаған сұрақтар бойынша 8 (7172) 918338 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

 

Қосымшаны сақтау...