Шара қорытындысы бойынша мақала
- Жарияланды 22.11.2018 15:47
- Қаралды: 1504
БЖЗҚ жастарға есігін ашты
2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ Астана қаласындағы филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өтті. Оған 436 адам қатысты. Алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен бірге жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды. Филиал директорының орынбасары А.Ниетов атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән береді.
«Ас қорыту жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері» атты ашық сабақ өтті
- Жарияланды 20.11.2018 17:40
- Қаралды: 1506
Бүгін 7 қалалық емханасында «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс, 339 кураторлық топ студенттері «Балалар аурулары пропедевтикасы» модулі бойынша «Ас қорыту жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері» атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта студенттер өздерін білімділік, алғырлық, шапшаңдық, тапқырлық жағынан көрсете білді. «Кім миллион ұтады?», «Білімділер» атты кері байланыс ойындары және сергіту ретінде қазақ домбырасымен «Балбырауын» күйі шырқалды. Кафедра меңгерушісі Г.Е.Бектенова және топ жетекшісі әрі кураторы, ассистент Абжанова У.С.қорытындылай келе оң бағасын берді.
«Балалардағы Жедел респираторлы вирусты инфекцияның алдын-алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
- Жарияланды 12.11.2018 18:15
- Қаралды: 1319
12-қараша күні №7 қалалық емханасы, балалар бөлімінде «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасы меңгерушісі Бектенова Г.Е. мен ассистенті Абжанова У.C. ұйымдастыруымен 5-курс 501 және 503 ЖМ топ студенттерінің қатысуымен «Балалардағы Жедел респираторлы вирусты инфекцияның алдын-алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге балалармен келген ата-аналарға ЖРВИ-дың емі мен алдын-алу шаралары терең түсіндірілді. Ата-аналар өздеріне қажетті мәліметтерді алды.
Бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарламасы
- Жарияланды 02.11.2018 12:02
- Қаралды: 1129
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№7 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы 25,29, тел. 30-38-42 Ресми сайты – gp7.kz
Негізгі қызметінің сипаттамасы- ішімдік пен нашақорлықтан таксикоманиядан зардап шеккен ауруларға мамандандырылған медициналық көмек.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;