Денсаулық фестивалі

№7 қалалық емхана қызметкерлері 07.09 күні өткен жыл сайынғы және дәстүрлі Денсаулық фестиваліне белсене қатысты. Астаналық саябақта өтті. Іс-шараны салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, шылым шегудің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың алдын алу, халықты және әсіресе жастарды спортпен айналысуға тарту мақсатында өткізіледі.