«Walk the Talk» жүгіру марафоны – салауатты өмір салтын қолдау

Медицина қызметкері күні қарсаңында Астана қаласында «Walk the Talk» жүгіру марафоны өтті. 

№7 қалалық емхана ұжымы іс-шараға қатысып, 1,5 шақырым қашықтықты еңсерді.

Денсаулықты сақтау мен аурулардың алдын алу – медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысының басты бағыттарының бірі. Сондықтан мұндай спорттық іс-шаралар қоғам арасында белсенді өмір салтын насихаттауға, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндейді.

«Walk the Talk» жүгіру марафоны медицина қызметкерлерін ортақ мақсатқа біріктіріп, кәсіби мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл күй сыйлаған маңызды іс-шаралардың бірі болды.