Анонс! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы ақпарат

АНОНС

АҚПАРАТ
Астана қаласы әкімдігінің«№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы

Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес, аталған кесте «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-мен бекітілген, сондай-ақ 2026 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылдың 4 мамыры мен 17 маусымы аралығында Астана қаласы әкімдігінің «№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау;
  2. талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды дайындау және жүргізу барысында мынадай рәсімдер жүзеге асырылатын болады: 

  1. Астана қаласы әкімдігінің «№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталуы туралы хабарландыру жариялау – 2026 жылғы 20 сәуірге дейін;
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрықты бекіту – 2026 жылғы 24 сәуірге дейін;
  3. Ішкі талдаудың басталуы – 2026 жылғы 4 мамырға дейін;
  4. Астана қаласы әкімдігінің «№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру жариялау – 2026 жылғы 3 маусымға дейін;
  5. Ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау – 2026 жылғы 10 маусымға дейін;
  6. Ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтамаға қол қою – 2026 жылғы 1 шілдеге дейін;
  7. Ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу – 2026 жылғы 1 шілдеге дейін;
  8. Аналитикалық анықтама мен іс-шаралар жоспарын Астана қаласы әкімдігінің «№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК интернет-ресурсында орналастыру – 2026 жылғы 7 шілдеге дейін;
  9. Ішкі талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат дайындау арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға мониторинг жүргізу – аналитикалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде;
  10. Ішкі талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесін жасау – 2026 жылғы 25 маусымға дейін.

Астана қаласы әкімдігінің «№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 747-650-35-70 (Астана қаласы әкімдігінің «№7 қалалық емхана» ШЖҚ МКК комплаенс-офицері Қ. Рыстамбай).