Ұлттық нақыш – ұлт келбеті

Ұлттық нақыш – ұлт келбеті.

Ұлттың тарихы, рухы мен болмысы оның киімінде, өрнегінде, салт-дәстүрінде көрініс табады.
Әр ою – өткеннің ізі, әр нақыш – болашаққа аманат.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген хаттамалық тапсырмаларының 3.7-тармағына сәйкес «Ұлттық стильдегі киім кию тәжірбиесін ілгерілету және танымал ету» жол картасын іске асыру мақсатында емханамызда әр жұма - Ұлттық киім кию күні деп белгіленді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу — өз тамырымызды ұмытпау, рухымызды биік ұстау.
Бабадан қалған мұраны сақтай білейік, бірге жалғастырайық!