10 қазан – Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні
Аталған күн аясында №7 қалалық емхананың психологтары психикалық денсаулықтың маңыздылығын арттыру және күйзелістің алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.
Емхана психологтары пациенттер арасында күйзелістің алдын алу бойынша тренингтер өткізді. Сонымен қатар, емхана қызметкерлері мен мектеп оқушыларына арналған психологиялық тұрақтылық пен өзін-өзі реттеу тақырыбындағы кездесулер ұйымдастырылды.