Құрметті пациенттер!
23.09.2025 жылдан бастап біздің емханада «Гриппол плюс» вакцинасымен тұмауға қарсы тегін иммундау басталды.
Вакцинация алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге жүгінуіңізге болады.
Назар аударыңыз!
Тұмау вирусы жыл сайын өзгеріске ұшырайды, сондықтан бір рет ауырып шыққаннан кейін өмір бойына иммунитет қалыптаспайды. Өткен жылы алынған вакцина биылғы тұмау түрінен қорғай алмайды. Сол себепті тұмауға қарсы екпені жыл сайын ағымдағы маусымға арналған вакцинамен алу қажет.
Иммунитет екпеден кейін шамамен 14 күн ішінде қалыптасады және 12 ай бойы сақталады.
Вакцинация кабинеттері:
• Ересектер корпусы — 3-қабат, 302 кабинет
• Балалар корпусы — 1-қабат, 106 кабинет