«Бірге таза Қазақстан» атты жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының ШЖҚ «№ 7 қалалық емхана» МКК-де жалпықалалық сенбілік өтті.

Санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыруға арналған "Бірге таза Қазақстан" атты жалпы қалалық экологиялық айлыққа қосылғанымыз жайында жұмыс орындау мақсатында және емхана аумағында сенбілік өткізу туралы дайындалған іс-шаралар жоспарына сәйкес қызметкерлердің қатысуымен сенбілік өтті. Сенбілік барысында емханаға тиесілі аумаққа санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды.

Емхана жұмысшылары ғимараттың жан-жағын тазартып, ретттестіріп, бұрыңғы егілген талдарды суғарды.

Сенбіліктің мақсаты – емханадағы санитарлық жағдайын, эстетикалық көрінісінжақсартуға бағытталған.