Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен медициналық бұйымды (шығыс материалдарын) сатып алуды өткізу туралы №29 хабарландыру 24.06.2024ж.

Сатып алуды ұйымдастырушы Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 Қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, заңды мекенжайы: Астана қаласы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 25,29, №1 қосымшаға сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

МИ сатып алу туралы ақпарат (қысқаша сипаттама, сатып алу көлемі, жеткізу орны, сатып алу үшін бөлінген сома) осы хабарландыруға № 1 қосымшада көрсетілген (сатып алынатын тауарлардың тізбесі).

Жеткізу мерзімдері мен шарттары: жеткізуші Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 29 мекенжайы бойынша шартқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жеткізуді жүзеге асырады.

Құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны және баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі: өтінімдерді қабылдаудың басталу күні 24.06.2024 жылдан бастап сағат 09:00 - ден 17:00-ге дейін, қабылдаудың соңғы уақыты 01.07.2024 ж. 10-00 сағатқа дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда; түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін) жергілікті уақыт бойынша: ж.Астана, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 29, ересектер ғимараты, №319 кабинет. Баға ұсыныстарын қарау күні мен уақыты: 11:30 сағат 01.07.2024 ж.

 

Туындаған сұрақтар бойынша 8 (7172) 918338 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

 

Қосымшаны сақтау...