Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы №1 хабарландыру 17.01.2024ж.

Сатып алуды ұйымдастырушы Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 Қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, заңды мекенжайы: Астана қаласы, Ш. Құдайбердиұлы даңғылы, 25,29, №1 қосымшаға сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

Дәрілік заттарды сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, сатып алу үшін бөлінген сома) осы хабарландыруға № 1 қосымшада көрсетілген (сатып алынатын тауарлардың тізбесі).

Жеткізу мерзімі мен шарттары: жеткізуші жеткізуді жүзеге асырады Астана қ., Ш. Құдайбердіұлы даңғылы 29, ересектер корпусы, 101 каб. Шарт бойынша жеткізу кестесіне сәйкес жеткізу.

Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші қабылдау - беру актісіне қол қойған және өнім беруші шот – фактураны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізеді.

Құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны және баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі: Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні 17.01.2024 жылдан бастап сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, қабылдаудың соңғы уақыты 24.01.2024 ж. 10-00-ге дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда; түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) жергілікті уақыт бойынша:Астана қ., Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 29, ересектер корпусы, №319 кабинет. Баға ұсыныстарын қарау күні мен уақыты: 10: 30 сағат 24.01.2024 ж.

 

Туындаған сұрақтар бойынша 8 (7172) 918338 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

 

Қосымшаны сақтау...